Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қарасу ауданы білім басқармасының «Ақерке» бөбекжайы» КМҚК 2024 жылдың 12 ай мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы
Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қарасу ауданы білім басқармасының «Ақерке» бөбекжайы» КМҚК 1 Мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2024 жылдың 12 айында 18 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
- мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы («INDIGO» АЖ) – 18 қызмет (100%).
Мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау үшін білім беру ұйымдары бейімделген. Пандустар, қызмет көрсету аймақтары, шақыру түймелері, Брайль шрифті бар маңдайшалар, тұрақ орындары бар.
Бөбекжайда ай сайын тұрғындар арасында электронды түрде білім беру қызметтерін алу мүмкіндіктері, оның ішінде құжаттарды қабылдау мерзімдері, Стандарттарда көзделген қажетті құжаттар тізімі туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде орналастыру арқылы кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер анықталған жоқ.
Білім беру ұйымының интернет-ресурсында мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалардың телефондары мен жұмыс кестелері орналастырылған. Көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтерді көрсету кестесі мен тәртібін сақтайды.
Білім бөлімі мен білім беру ұйымдары көрсететін мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2024 жылдың өткен кезеңінде көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданбаған.
2024 жылдың кезеңінде 1 адам біліктілігін арттыру курстарынан өтті.